Аймақтар • Бүгін, 16:00

Шығыста сел қаупі жоғары кезең басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 15 мамырдан сел қаупі жоғары кезең басталды. Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандарында және Риддер қаласында барлығы 13 сел жүрудің қауіпті ошағы бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыста сел қаупі жоғары кезең басталды

Аталған аудандардағы таулардың жоғарғы жақтарында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасқан. Сел қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» ММ мамандары көлдердің жай-күйін, сел мен сырғыма ағындарын қалыптастыруға ықпал ететін факторларды бақылауда ұстайды.

Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар: Громотуха және Уба – Риддер, Бұқтырма, Хамир, Черновая – Алтай ауданы, Бұқтырма – Катонқарағай ауданы, Кендірлік – Зайсан ауданы.

Қауіпсіздік мақсатында сел жүру қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары, оның ішінде сырғыма жүру қаупі бар учаскелерде 18 қалқан орнатылды. Көшкін сел және сырғыма қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, ғи­ма­раттары қаупі бар учаскелерде орналасқан кәсіпорын басшыларына, жеке үй иелеріне ескерту парақшалары таратылды.

Сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және жыл бойы жұмыс істейтін 1 гидропост орнатылған.

ШҚО ТЖД және «Қазселденқорғау» ММ ШҚО филиалының мамандары сел, сырғыма жүру қаупі жоғары кезеңде тауға шығуға болмайды.