
фото: ашық дереккөз
Прокуратура тексеру барысында «Атамекен тұрғын үй», «Family town», «Baisanat Residence» және «SaraishyqInvestGroup» тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҚК) құрылтайшыларының заңсыз әрекетін анықтады.
«Зардап шеккен пайшылардың құқықтарын қорғау мақсатында Атырау қаласының прокуратурасы «Baisanat Residence» ТҚК және оның құрылтайшыларымен жасалған шарттарды бұзу, аяқталмаған құрылыс нысандарынан алынған қаржыны пайшыларға табыстау туралы талап арызбен Атырау қалалық сотына жүгінді. Сот прокуратураның талаптарын заңды деп танып, талап арызды толық қанағаттандырды. Бұл шешім пайшыларға инвесторларды тартып, құрылысты аяқтауға, көптен күткен баспаналарын алуға мүмкіндік береді», деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.
Сондай-ақ, Атырау қалалық прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде «Қазанат» ТҚК-ның жер учаскесі пайшылардың меншігіне қайтарылған. Ал, «Ақмаржан» ТҚК жүргізген тұрғын үй пайдалануға берілген.