
Фото: 24.kz
19-21 мамыр аралығында өтетін жиынға музей, театр, кітапхана, архив және мәдени-демалыс ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым мен креативті индустрия өкілдері қатысады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, форумға қатысушылар үшін музей ісі және тарихи-мәдени мұра, кітапхана және архив ісі, театр өнері және концерттік қызмет секциялары, артефактілерді сақтау және қалпына келтіру, костюмдерді дайындау технологиялары мен бутафориялар, кітапханаларды цифрлық трансформациялаудың заманауи стратегиялары бағыттарында оқыту семинарлары, тренингтер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
«Іс-шара аясында мемлекеттік музейлер (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) және мемлекеттік кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық) арасында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2025»республикалық фестивалі өтеді», делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде мәдениет және өнер саласында 60 мыңға жуық адам еңбек етіп жүр.