Әскер • Бүгін, 19:57

Қызылордада ұландықтар жас қыздың өмірін сақтап қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген ІІМ Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің қызметшілері қырағылық пен жанқиярлық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Қызылордада ұландықтар жас қыздың өмірін сақтап қалды

Түнде «Арбат» аллеясында жүрген әскери жасақ топталып тұрғандарға назар аударды. Сол жерде құрбысының талмасы ұстап жатқанын айтқан бойжеткен жасақ әскерилерден көмек сұрапты.

Ұландықтар бірден кезекші бөлімге хабар беріп, «Жедел жәрдем» шақырады. Алайда патрульдік топтың бастығы, лейтенант Ернұр Әбілхан уақыт жоғалтпау үшін зардап шеккен қызды патрульдік көлікпен жеткізу туралы бұйрық беріп, бұл міндетті автопатруль қызметшісі ефрейтор Таңатар Сұлтанайға жүктепті. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қыз облыстық ауруханаға дер кезінде жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Бұл оқиға төтенше жағдайларда сабыр сақтап, шұғыл әрекет етудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.