«Қоршаған ауаның тазалығына кері әсер ететін шығарындылардың 90 пайызы кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Негізгі үлесті мұнай-газ секторының 4 кәсіпорны қосады. Шығарындыларға бақылау жүргізу үшін автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілді. Осы кезге дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ, «NCOC N.V.» филиалы мен «Теңізшевройл» ЖШС мониторинг деректерін беріп отыр, деді Жомарт Әлиев.
Министр орынбасарының айтуына қарағанда, тұрғындарды заңсыз қоқыс орындары алаңдатып отыр.
«Аймақтағы тағы бір елеулі мәселенің бірі – рұқсат етілмеген қоқыс орындары. Мәселен, 2024 жылы ғарыштық мониторинг арқылы 168 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Осы кезге дейін 125 үйінді тазаланды», деп мәлім етті Жомарт Әлиев.
Атырау облысы