Қоғам • 19 Мамыр, 2025

Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін жабылады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті «Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылатынын хабарлады.

Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін жабылады

— Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша, Қазақстан «Тажен» өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты, — делінген хабарламада.

Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілгені айтылған. Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде бұл шектеуді ескеруге кеңес берді. 

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58