
Жылдық инфляцияның 13,8%-дық ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.
Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 8,5%-ға (наурызда – 7,6%) дейін жеделдеді. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (11,2%) айтарлықтай жоғары өсім көрсетті. Ал Қызылорда облысы мен Алматы қаласында(6,8%-дан) төмен өсім байқалды.
Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,9%-ға (наурызда – 9,1%) дейін баяулады. Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,8%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,9%) тіркелді.
Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 15,7%-ға (наурызда – 14,3%) дейін жеделдеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында (20,0%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Павлодар облысында (8,6%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті.