
Фото: aqmeshit-zhastary.kz
Бұл көрсеткішті алдағы 4 жылда 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған.
Министрлік дерегінше, елімізде ең көп Алматы қаласының тұрғындары спортпен шұғылданып жүр - 11,37%. Екінші орында Түркістан облысының тұрғындары - 10,53% болса, үздік үштікте астаналықтар да бар - 7,15%. Одан кейінгі сатыда - Алматы облысы - 7,64%, Шымкент қаласы - 6,48% тұрғындары жайғасқан.
2024 жылдың қортынды мәліметі бойынша спортпен айналысатындардың жас ерекшелігіне қарай жіктесек:
3–5 жас: 141 872 адам — ауылдық жерлерде: 26 046
6–13 жас: 2 575 711 адам — ауылдық жерлерде: 1 002 016
14–18 жас: 2 009 876 адам — ауылдық жерлерде: 748 253
19–35 жас: 2 329 977 адам — ауылдық жерлерде: 828 564
36–65 жас: 1 242 922 адам — ауылдық жерлерде: 485 969
65 жастан жоғары: 106 694 адам — ауылдық жерлерде: 20 434