
Фото: primeminister.kz
«Биылғы көктем жылы болуына байланысты шегіртке дернәсілдері былтырғыға қарағанда ертерек пайда болды. Біздің инспекция мамандары зиянкес дернәсілдерінің 30 сәуірде пайда болғанын анықтады. Осы кезге дейін 193 мың гектар алқап зерттеліп, зиянкес дернәсілдері табылған 19,95 га алқаптың 9,07 мың гектарына өңделді. Мониторинг жұмыстарына 602 инспектор қатысты. Қазіргі уақытта 6263 мың га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды», деп хабарлайды аумақтық инспекция басшысы Асылхан Әбтиев.
Шегіртке құмды жерлерге көбірек жұмыртқалайды. Биыл Алға, Шалқар, Ырғыз, Қобда аудандарында зиянкестердің көбейіп кету қаупі жоғары болғандықтан, құмды алқаптарда улау жұмыстары күшейтілді.