Әлем • Бүгін, 16:35

ChatGPT-мен роман жазған әлем жазушылары кімдер

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шыны керек, қазіргі әдебиетке ChatGPT араласып кетті. Аз ғана уақыт ішінде аталған өнім әр салаға өз ырқын жүргізе бастады. Біз бүгін жаһандық әдебиетте ChatGPT арқылы шығарма жазған бірнеше қаламгер туралы айтпақпыз, деп жазады Egemen.kz.

ChatGPT-мен роман жазған әлем жазушылары кімдер

фото: ашық дереккөз

Канадалық жазушы Стивен Марше  «Автордың өлімі» атты туындысын жазарда ЖИ-дің көмегіне жүгініпті. Бұл 104 беттік новеллада Марше 95 % мәтінді ChatGPT, Cohere және Sudowrite көмегімен жазыпты. Тіпті кітаптың мұқабасы мен аннотациялары да жасанды интеллектінің қолтаңбасын сақтап тұрғаны белгілі.

Ал жапон жазушысы Кудан Рие  «Токио мұнарасы» атты романын жариялаған соң,  170-ші кезекті Акутагава сыйлығын жеңіп алған. Автор аталған  романының диалогтарын жазу үшін ChatGPT-ді пайдаланып, шығарма көлемінің шамамен 5 % бөлігі осы құралмен жасалғанын жариялады.  

Тағы бір канадалық жазушы Тим Буше «AI Lore» сериясы атауымен 2022–2023 жылдары ChatGPT мен Anthropic’s Claude-ті қолдана отырып, 97-ге жуық мини-роман жазғанын білдік. «AI Lore» сериасы қазір Amazon-да сатылымда екен.

 Ал ChatGPT-мен шығарма жазған қазақ қаламгерлері бар ма, жоқ пә, әлі ондай «жаңалықты» естімедік.