Спорт • Бүгін, 14:27

Жүзуден Қазақстан құрамасы Испанияға аттанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Барселона қаласында жүзуден беделді турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Жүзуден Қазақстан құрамасы Испанияға аттанды

Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиада комитеті бұл додада ел намысын сегіз спортшы қорғайтынын хабарлады. 

Олар: Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов, Софья Сподаренко, Ксения Игнатова, Егор Попов және Арсен Қожахметов.

Жарыс 21-22 мамыр аралығында өтеді.