Кәсіпкер • 21 Мамыр, 2025

Бизнесті қаржыландыруға 275 млрд теңге бөлінеді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Бизнесті қаржыландыруға  275 млрд теңге бөлінеді

«Бүгінгі таңда бизнесті мемлекеттік қолдаудың талап етілетін шараларының бірі - Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы.  Жоба аясында іске асырылатын «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы»  бағдарламаларының құралдары болып қала береді. «Даму» қоры – бағдарламаның операторы.  Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, кредиттерді субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шарасы негізінде  шамамен 1 трлн теңге кредит сомасына 17 мыңнан астам бизнес жобасы қамтылды. 310 млрд теңге сомасына  8 мың  жоба бойынша кепілдік берілді. Биыл осы мақсатты жүзеге асыруға 275,2 млрд теңге бағыттау жоспарланған»,  деді Дарын Әбдуәлі.

Бағытталған қаржы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Алматы, Түркістан мен Ақтөбе облыстарында өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, білім беру салалары бойынша іске асырылмақ.