
фото: ашық дереккөз
Облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Мұратбек Манатовтың айтуынша «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолы бойындағы кемпингтерде, демалыс орындарында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылған. Автожол бойында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен екі мәрте жолда қабылдау акциясы өткізілді.
«Іс-шара нәтижесінде 10 975 құқық бұзушылық анықталды. Олардың арасында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғандар, көлігін міндетті техникалық тексеруден өткізбегендер, көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескендер мен қауіпсіздік белдігін тақпағандар, тасымалдау қағидаларын бұзғандар көп. Жаяу жүргіншіге жол бермегендер мен көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлікті қайта басқару фактілері де бар. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеген 1265 дерек анықталды», дейді Мұратбек Манатов.
Сонымен қатар, 1281 автокөлік айып тұрағына қойылып, 377 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу белгілері алынды.