Қоғам • Бүгін, 12:16

СҚО-да жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылдың 26 ​​мамыры мен 11 маусымы аралығында «Қызылжар жастары» бірегей әлеуметтік ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

СҚО-да  жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Фото: pixabay.com

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, азаматтық қорғаныс, энергетика саласында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. 

Кандидаттар әлеуметтік мәртебесі, отбасылық жағдайы, балаларының болуы және кәсіби тәжірибесіне қарай ашық бәсекелестік балдық жүйе бойынша іріктеледі.

Бағдарлама шарты келесідей:

  • Несие сомасы:
    – Петропавл қаласының тұрғындары үшін – 15 млн теңгеге дейін
    – Облыс аудандарының тұрғындары үшін – 10 млн теңгеге дейін

  • Бастапқы жарна: 10%

  • Пайыздық мөлшерлеме: 6% (жылдық)

  • Несие мерзімі: 19 жылға дейін

Құжаттар мен өтінімдер Азаматтарды қабылдау орталығында қабылданады.