Экспорт • Бүгін, 13:23

Ақмола астығы Еуропаға жол тартты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы мен Эстония Республикасындағы Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум қабылданды. Құжат биылғы ақпанда облыс әкімінің Эстонияға жасаған жұмыс сапары аясында рәсімделген. Бұл келісім қазақстандық өнімді Еуропа нарығына жаңа логистикалық бағыт арқылы жеткізуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола астығы Еуропаға жол тартты

Фото: Ашық дереккөз

Облыстың ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, бүгінде алғашқы нәтижелер де бар. 2025 жылдың басынан бері Ақмола облысының екі кәсіпорны Италияға 5,6 мың тонна астық экспорттаған. Оның ішінде 1,6 мың тонна өнім «Содружество Трейд Восток» ЖШС тарапынан Эстония арқылы жөнелтілген. 

«Еуропа бағытындағы экспорттық логистиканы дамыту – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тек тұрақты өткізу нарығын ғана емес, сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда облыс әкімдігі бизнес өкілдерімен бірге экспорттық географияны кеңейту, сондай-ақ астықтан өзге ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.