Оқиға • 23 Мамыр, 2025

Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, жол апатынан төрт адам зардап шекті. Апаттың мән-жайын қаланың полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

Жол апаты 22 мамыр күні кешкі сағат 22:25-те Түрксіб ауданында орын алған.

«Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен жүріп, бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Audi жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі дене жарақатын алды», деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

 
 
 
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • 31 Желтоқсан, 2025