
Фотолар: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттарын, өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, әскери оқу-жаттығуларды өткізу, білім беру, тілдік дайындық және бітімгерлік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы сөз болды. Сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу және өндіру бойынша бірлескен жобаларға қатысты мәселелер қозғалды.
Кездесулерде екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде серіктестіктің жоғары деңгейін куәландыратын өзара сапарлардың оң динамикасын атап өтті.
Сапар барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Түркияның жоғары әскери оқу орындарында оқитын отандық курсанттармен кездесті.
Қазақстан делегациясы Түркияның әскери нысандары мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында болды.