АСТАНА. 21 маусым. «Барыс» хоккей командасының бас жаттықтырушысы болған Андрей Назаров қызметін ауыстырды. Енді ол Санкт-Петербургтің СКА командасын жаттықтыратын болады. Бұл туралы аталған клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.
СКА 41 жастағы маманмен 2 жылға келісім шарт жасасты. Ал оның алдында команданың бас жаттықтырушысы болған Вячеслав Быков 17 маусымда отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кеткен болатын. Бұл маманмен СКА биыл тарихында тұңғыш рет Гагарин кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 2-орынға табан тірегені белгілі.
Андрей Назаров «Барысты» тек бір маусым ғана жаттықтырды. Сәуір айында команда жетекшілері Назаровпен келісім шартты созу туралы сөз қозғаған еді. Алайда, ресейлік маман СКА-ның ұсынысын қабыл алды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: yvision.kz.
• 21 Маусым, 2015
Хоккей. «Барыстың» бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Кеше
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Кеше
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Кеше
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Кеше
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Кеше