
Форум ұйымдастырушыларының мәліметінше, шетелдік қонақтар қаланың 37 ірі қонақүйінен бөлмелерге тапсырыс берген. 2025 жылғы 26-31 мамыр аралығында 4 жұлдызды қонақүйлердің толымдылығы 50-90% аралығында болса, 5 жұлдызды қонақүйлерде бұл көрсеткіш 90-100%-ға жеткен.
Салыстырар болсақ, 2024 жылдың осы кезеңінде 4 жұлдызды қонақүйлердің толымдылығы 30-60%, ал 5 жұлдыздыларда 50-60% деңгейінде болған.
Орташа есеппен, Астанаға келген бір іскер туристің шығыны 177 мың теңгені құрайды. Бұл сомаға қонақүйде тұру, тамақтану, көлік қызметтері, ойын-сауық пен сауда кіреді. Қонақтардың орташа болу ұзақтығы — 3 күн.
Шетелдік қонақтардың келуінің мультипликативтік әсері 2,6 млрд теңгеден асады деп бағалануда. Бұл өз кезегінде мұндай халықаралық іс-шаралардың Астана мен жалпы ел экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді.
Astana International Forum 2025 жылдың 29-30 мамыры күндері өтеді.
Форумның бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, бас демеушісі — «ERG Көмек» корпоративтік қоры, ал ресми банкі — «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. Бұған қоса, форумды еліміздің бірқатар ірі кәсіпорындары мен компаниялары қолдауда.