
Светлана Жақыпованың айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет өз мойнына алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отыр.
«Екінші жартыжылдықта (2025 жылы) қосымша көтеру болмайды. Индексация жыл басында өтті, 1 қаңтардан бастап барлығы жоғарылатылған төлем алып жатыр», деді министр.
Министрдің айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы енді 2026 жылы көтеріледі.