
Фото: Үкімет, телеграм
«Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беру болып саналады», деп атап өтті Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше отандық тауарлардың 4 834 астам позициясына басымдық берілген. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа отырған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.