Инфрақұрылым • 03 Маусым, 2025

Шұбар ауылына табиғи газ тартылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Шұбар ауылында табиғи газбен жабдықтау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шұбар ауылына табиғи газ тартылды

Ұзындығы 74,2 шақырымды құрайтын газ құбыры жобасын Целиноград ауданының құрылыс бөлімі жүзеге асырды. Нәтижесінде, Шұбар ауылындағы 400-ден астам тұрғын үй табиғи газға қосылды.

2024-2028 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның елордалық өндірістік филиалы бірқатар елді мекендерде газ құбырларын салу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Атап айтқанда, 2025 жылғы ақпанда Целиноград ауданының Нұрлы ауылында да тұрғындар табиғи газға қол жеткізді. 2020-2024 жылдар аралығында Ақмола облысында 657 шақырым газ құбыры салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 9 656 үй газбен қамтылды. Соңғы ірі жобалардың қатарында  Аршалы ауданының Жібек жолы ауылын газдандыру және «Сарыарқа» магистральды газ құбырының бірінші кезеңі аясында 17 елді мекенді қамту жұмыстары бар.

 Ақмола облысы