
Эфир спикерлері:
• Дамир Сейсембек – ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы
• Олжас Кабенов – ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары
• Диас Төлегенов – ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті Сымсыз байланыс жобаларын мониторингтеу және дамыту басқармасының басшысы
Тікелей эфирде қойылған өзекті сұрақтар мен жауаптар
IMEI-кодтарды верификациялау не үшін қажет?
Нарықты сұр айналымнан тазарту, тұтынушыларды алаяқтықтан қорғау және мемлекеттік бюджет кірісін арттыру мақсатында. 25 наурыз бен 25 мамыр аралығында, ресми порталада 12 миллионнан астам құрылғы тіркелді.
Верификация үшін кім төлем жасайды?
Жеке тұлғалар үшін қызмет тегін. Жеке пайдалану мақсатында жылына немесе айына (елге байланысты) 2 құрылғыға дейін тегін тіркеуге болады. Төлем – заңды тұлғалар тарапынан, яғни сатушылардан алынады.
Қызметті неге мемлекет емес, жеке компания көрсетеді?
Жеке сектор жүйені бюджет шығынынсыз жедел іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан жүйе толық бақылауда.
1 АЕК (3 932 теңге) көлеміндегі қызмет құны қалай бөлінеді?
• 40% — лицензиялар мен техникалық қолдау
• 30% — салықтар мен әлеуметтік аударымдар
• 20% — жабдық пен интеграциялық шығындар
• 10% — жүйені дамыту және жаңғырту
Неге тарифті мемлекет реттемейді?
Бұл – салық немесе алым емес, техникалық қызмет. Баға заңды тұлғалар арасындағы келісіммен қалыптасады.
Жүйеге бақылау қалай жүзеге асырылады?
«Мемлекеттік радиожиілік қызметі» жүйенің жұмысын күнделікті бақылап, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты барлық оқиғалар бойынша есеп алып отырады. Сонымен қатар жоспарлы және жоспардан тыс аудиттер жүргізіледі.
Оператор қалай таңдалды?
Оператор ашық бәсекелестік негізінде, арнайы біліктілік талаптарына сай таңдалды. Таңдау процесі жалғасуда — нарық басқа операторларға да ашық.