Саясат • 03 Маусым, 2025

Әріптестік жайы талқыланды

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Буркина-Фасоның Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі буркиналықтар министрі Карамоке Траоремен кездесу өткізді.

Әріптестік жайы талқыланды

Бұл – Буркина-Фасо сыртқы саяси ведомствосы басшысының екі­жақты қатынастар тарихында Қазақ­станға алғашқы ресми сапары. Осы қадам серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың мүмкіндіктер ашады.

Кездесу барысында тараптар сая­си, сауда-экономикалық, мәде­ни-гуманитарлық саладағы кең ауқым­ды мәселелерді талқылады. Әсіресе логистика, пайдалы қазба­лар­ды өн­діру, цифрландыру және қор­ға­ныс өнеркәсібі сияқты бола­шақ­қа ба­ғыт­талған салалардағы ынтымақ­тас­тықты арттыруға басымдық берілді.

«Африка бағыты – Қазақстан сыртқы саясатының маңызды бөлігі. Астана құрлық елдерімен өзара тиімді және тең құқықты серіктестікті нығайтуға ұмтылады», деді М.Нұртілеу.

Сонымен қатар Қазақстан СІМ басшысы Буркина-Фасоның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Министрлер шарттық-құқық­тық базаны тереңдетуге және әртүрлі деңгейдегі сапарларды жандандыруға өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер қорытындысы бо­йынша екі елдің сыртқы істер ми­нистрліктері арасында Саяси және дипломатиялық консульта­ция­лар жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ведомство­ара­лық диалогті институциялау бағы­тындағы маңызды қадам болды.

Буркина-Фасо сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапары қазақ-африкалық қарым-қатынастардың қарқынды даму кезеңіне сәйкес келіп отыр. Кейінгі жылдары Астанада Того, Конго Респуб­ликасы, Гвинея-Бисау мен Руанданың көшбасшылары, сон­дай-ақ Сьерра-Леоне, Бенин және Руанданың сыртқы істер министр­лері ресми сапармен болды.

Қазақстан Африка құрлы­ғындағы өз дипломатиялық өкілдік­терін жүйелі түрде кеңейтіп, тең құқық пен өзара құрмет негізінде бірлескен экономикалық жобаларды ілгерілетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03