Қоғам • 04 Маусым, 2025

Қызылордадағы балабақшада бүлдіршін қайнаған суға күйіп қалды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жарым жасар баланың ауыр халге түсуіне байланысты балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі қайта көтерілді. Тергеу басталды, облыс басшылығы жағдайды бақылауға алды деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордадағы балабақшада бүлдіршін қайнаған суға күйіп қалды

Фото: ашық дереккөз

22 мамыр күні Баймаханов көшесінде орналасқан «Сыр болашағы» балабақшасында қайғылы жағдай тіркелді. 2023 жылы туған бүлдіршін тәрбиеші мен күтушінің жауапсыздығынан қайнаған суға күйіп қалды. Баланың анасының айтуынша, қыздың денесінің шамамен 40 пайызы күйіп, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі күйік жарақатын алған. Алғашқыда қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін палатаға ауыстырылғанымен, жағдайы әлі де ауыр.

Анасы тек балабақша қызметкерлерін ғана емес, мекеме басшылығы мен салаға жауапты шенеуніктерді де жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оның айтуынша, бұл оқиға еліміздегі көптеген жеке балабақшалардағы бақылаудың әлсіздігін, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмайтынын көрсетеді.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс облыс басшылығының жеке бақылауына алынған.

Сонымен қатар, ювеналды полиция бөлімшесі профилактикалық жұмыстарды бастады. Облыстық білім басқармасына да ресми түрде сұраныс жолданды. Алайда ата-аналар мен қоғам белсенділері мұндай оқиғалардың алдын алу үшін мемлекеттік балабақшаларға тексеруді күшейтуді, персоналдардың кәсіби даярлығын арттыруды және балалар қауіпсіздігін бірінші орынға қоюды талап етіп отыр. 

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03