Қоғам • 04 Маусым, 2025

Алматыда жұмысшы кран апатынан көз жұмды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі құрылыс алаңында 2025 жылғы маусым айының басында болған төтенше жағдай салдарынан 61 жастағы краншы Жұмабек Қалдыбаев қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда  жұмысшы кран апатынан көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Жұмабек Қалдыбаев 15 жыл тәжірибесі бар краншы маман. Марқұмның жиені Мақсат Жиенбековтің айтуынша, оның артында әйелі мен екі баласы қалған. Туыстары оқиғаға қатысты толық ақпарат алуға тырысқанымен құрылыс компаниясының басшылығы олардың сұрақтарына жауап бермей отыр.

«Кеше кешкі сағат 18:30-да Бостандық ауданының ІІБ бізге ағамның құрылыс алаңында қайтыс болғанын хабарлады. Кран құлады, бірақ ешкім нақты не болғанын айтпайды. Біз бүгін құрылыс алаңына бармақшы болдық, бірақ кіргізбеді. Басқарушы директорға қоңырау шалдым, ол да ештеңе айтпады. Ұйым басшылығы байланысқа шықпады. Біз тергеудің ашықтығын талап етеміз»,  дейді Мақсат Жиенбеков.

Қазір құрылыс алаңы арнайы мөрмен жабылған. Туыстарының мәліметінше, қайтыс болған адамның денесі әлі күнге отбасы мен жақындарына берілмеген. Кейбір ақпарат көздері бойынша, бұл жерде тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқан болатын.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, төтенше жағдай сағат 16:00-де болған. Оқиға бойынша Бостандық ауданы Полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде оқиғаның себебі мен мән-жайлары толық зерттеліп жатыр.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03