Медицина • 04 Маусым, 2025

Науқастар бюрократиямен күресіп жүр - Асхат Аймағамбетов

70 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Парламенті депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі дәрі-дәрмекпен қамту жүйесінің өзекті мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы жүйелі дағдарысты ашық мәлімдеді. Ол дәрілердің қымбаттығы, қолжетімсіздігі, ескірген емдеу хаттамалары мен фармацевтикалық бюрократияны қатаң сынға алып, нақты мысалдар келтіре отырып, 7 қадамнан тұратын реформалау ұсынысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Науқастар  бюрократиямен күресіп жүр - Асхат Аймағамбетов

Фото: Ашық дереккөз

Депутат өз сөзін нақты адам тағдырымен байланыстырып, еліміздегі дәрі-дәрмекке қолжетімділіктің шынайы көрінісін сипаттап берді.

«Раушан есімді азаматша. 42 жаста. Оның өмірі баяу сөніп барады. Ем жоқтығынан емес, емге шипа болатын дәрі, Ұлттық дәрілік формулярда тіркелмегендіктен, дәрі, жеті жылдан бері жаңартылмаған емдеу хаттамасына енгізілмегендіктен, тіпті сатып алайын десе де, елде рұқсат етілген тізімде де жоқ. Оның өмірі үшін күресі – бюрократиямен күрес. Тағы қаншама Раушандар біздің көмегімізді күтіп отыр? Бүгінгі талқылауымыздың өзегі осы», деді депутат.

Аймағамбетов өз сөзінде дәрі-дәрмек саласын «шынайы рентген» деп атап, ЖАП (Жоғары аудиторлық палатасы) есебі арқылы ашылған нақты фактілерді тізіп шықты. Оның айтуынша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде үш негізгі мәселе бар: дәрілерге қолжетімділіктің қиындығы, шектен тыс бағалар мен фармакологиялық бақылаудың әлсіздігі, отандық өндірістің формализмге айналуы.

Сонымен қатар депутат НацЭЛС-ты нағыз саяхатшылар клубы деп атап, оның қызметкерлері дәрілерді тізімге енгізу үшін, зауытарды көру сылтауымен шетелге барып жатқанын сынға алды.

«Дәрі-дәрмектер дәріханаларда сатылуы үшін, олар ең алдымен НацЭЛС-те сараптамадан, сосын тіркеуден өтуі керек. Аудит не көрсетті? Норматив бойынша тіркеу мерзімі – 210 күн. Алайда, біреулер үшін бұл мерзім заңсыз 1275 күнге дейін созылса, ал осы ұйымның бұрынғы қызметкерлері үшін, өте жылдам 25ақ күнде аяқталып, рәсім өткізілді. 154 өтінім бойынша сараптама процедураларын бұзу фактілерін анықтады», деді А.Аймағамбетов.

Депутаттың мәліметінше, фармакологтер Қазақстанда пенициллиннің ішетін түрі тіркелмеген деп айтып жатыр. Неге? Өйткені ол тым арзан, ешкім өтінім бермейді және ешқандай қызығушылық жоқ дейді эксперттер. Осының кесірінен, дәрігерлер бірден кең ауқымды антибиотиктерді тағайындауға мәжбүр дейді дәрігерлер.

Сонымен қатар Фраксипарин дәрісінің, баламасы тіркелмегеннен, оны максималды бағамен сатып алған. Тек 2024 жылы, оның альтернативасы тіркелгеннен кейін ғана, баға төмендеп, 90 млн теңге үнемделген.

Депутат дәрілерді өндіру үшін әкелінетін субстанциялардың бақыланбайтынын да айтты.

«Заңға сәйкес, НацЭЛС, дәрілердің жағымсыз реакциялары туралы хабарламаларды жинақтап, талдап, шаралар қабылдау үшін жіберуіге міндетті. Бірақ аудит көрсеткендей, 28 «сары карточкалар» бар дәрілік заттар бойынша ешқандай шара қабылданбаған. Оның үстіне, дәрлердің кері әсерлері туралы 137 ақпарат түскенімен, тек 1 препарат қана кері қайтарылған. Ал жалпы, фармацевтикалық бақылаудан 77 млн фармацевтикалық өнім тыс қалған», деді депутат.

Елімізде әр азаматты емдегенде, дәрігерлер, арнайы емдеу хаттамасында көрсетілген дәрілерді қолдануы тиіс. Бұл ретте депутат емдеу хаттамаларының уақтылы жаңартылмайтынын айтты.

«Өздеріңіз қараңыздар: клиникалық хаттамалардың шамамен 70%-ы (1133-тің 785-і) 5 жылдан 12 жылға дейін қайта қаралмаған. 10 жыл емес, қазір 1 жыл ішінде жаңа дәрілер пайда болады. Осыған байлапнысты  қазақстандықтар жаңа әдістермен ем ала алмай жүр деп айтуға болады. Хаттамаларды бекіту процесінің өзі де күрделі. Кейде ол бірнеше жылға дейін созылып, осылайша бекіткен хаттаманың  актуалдылығы да жоғалады. Мысалы, тіркеу мерзімі өткен және тиімділігі төмен, шығаруға ұсынылған 409 препарат 3 жыл бойы формулярдан алынбаған, тиімсіз деп танылған 5 препарат 29 ауруды емдеу хаттамаларынан шығарылмаған. Ал қажет делінген 96 тиімді препарат керсінше формулярға енгізілмеген. Мұндай ақылға сыймайтын жағдайдың себебі – Министрліктің бұйрықтарындағы қарама-қайшылықтар», деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат шекті бағаларды қалыптастыру кезіндегі өрескел бұзушылықтардың анықталғанын мәлімдеді.

«Дәрілерге қосылған үстеме баға зауыттық бағадан 172%-ға дейін жетеді, ал Еуропада және әлемде – 30%-дан аспайды.Бір препараттың әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін өзгереді. Түпнұсқаның бағасы 344 теңге болса, отандық тауар өндірушінің (ОТӨ) генеригінің бағасы 1273 теңгені құраған. Бұл 4 есеге дейін қымбат. Парацетамолдың зауыттық бағасы 59 теңге, Қырғызстанда 90, ал бізде 144 теңгеге сатылуда. Салыстырыңыздар. Терафлюге елде белгілеген шекті баға 3,3 мың теңге, ал зауыттық бағасы 1,5 мың. Ресейде ол 2,2 мың, Қырғызстанда 2,5 мың тұрады. Ал Кируда дәріханаларда 710 мың тұрса, Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағасын 1,3 млн көлемінде белгілеп, оны Фармация 1,2 млн-ға сатып алған. Формальды қарасақ, тіпті ақша үнемдеген сияқты көрінеді, бірақ шын мәнінде 2 есеге жуық қымбатқа сатып алған деген ойға келуге болады», деді депутат.

Сондай-ақ депутат келтірген мәліметтерге сүйенсек, 491 млрд теңгеге дәрі сатып алынса да, оның басым бөлігі делдалдар арқылы өтеді. Ал логистика үш компанияның қолында, бұл 1,5 есеге дейінгі шығындарға әкеліп жатыр. 45 мың науқас дәрісіз қалған, нақты анықталған шығындар 3,7 млрд  теңгеден астам, ал ы21 млрд-тан астам ықтимал шығын.

«Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. 2024 жылы ол тек 15-ды құрады. Біз импорт теңізіне батып барамыз. Дәрілердің 84%-ын шетелден әкелеміз. 89 отандық өндірушінің тек 2%-ы дәрі шығарады, ал қалғандары маска немесе шприц сияқты медициналық бұйымдар өндіреді екен. 

Соңғы уақытта «ҚазВактан» басқа ештеңе шыққан жоқ деуге болады. Клиникалық зерттеулер өте аз. Соңғы 10 жылда тек 2 препарат шығарылған, олардың бірі, «Йод және калий йодиді». Бұны әзірлеуге 4,6 млрд теңге жұмсалған, бірақ ол тіпті формулярға да енгізілмеген яғни қолданылмайды.НацЭЛС-тің клиникалық зерттеулерді бекіту үшін деңгейі жеткіліксіз. Сондықтан клиникалық зерттеулерді толығымен жүргізе алмаймыз. Арнайы ғылыми гранттар да жоқ. Коммерцияландыру және жеке инвестиция туралы аудаға да келмейді», деді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов  фармацияны емдеудің 7 қадамын ұсынды:

  1. Жаңа дәрілерді тіркеу мерзімін 1 айға дейін қысқарту, халықаралық танылған дәрілерді жеңілдетілген тәртіппен енгізу.
  2. Шекті бағаларды 30%-дан асырмау, халықаралық тәжірибені енгізу, бағаны электронды бақылау жүйесі.
  3. СК «Фармацияны» реформалау, делдалсыз сатып алу, ашықтық пен есептілік.
  4. Инвестициялық келісімшарттарды қайта қарап, нақты локализацияны талап ету.
  5. «Бір терезе» қағидаты бойынша өтінім қабылдау жүйесін енгізу.
  6. Ашық цифрлық есеп жүйесі, әр пациентке дәрі қозғалысын бақылау.
  7. Қарапайым азаматтың мүддесін басшылыққа алу – қолжетімді және қауіпсіз дәрілерді қамтамасыз ету.
Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03