Білім • 04 Маусым, 2025

Жетісуда жас дарындар марапатталды

90 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аймақ оқушылары халықаралық және республикалық зияткерлік байқауларда 70-тен астам жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Жетісуда жас дарындар марапатталды

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында халықаралық және республикалық зияткерлік байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған мектептер мен лицейлердің оқушыларын марапаттау салтанаты өтті.

Салтанатты шараны дарынды балалар мен талантты жастарды қолдауда елеулі үлес қосып келе жатқан облыстық білім басқармасы мен «Жетісу дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Жетісу оқушылары халықаралық білім сайыстарында бес алтын, бір күміс және екі қола медаль, ал республикалық пән олимпиадаларында сегіз алтын, он алты күміс және отыз тоғыз қола медаль жеңіп алғанын атап өтті.

Халықаралық және республикалық ғылыми жоба байқаулары мен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыс әкімінің атынан ақшалай сертификаттармен және грамоталармен марапатталды. Салтанатты жиында жүзге жуық оқушы атап өтілді.

Өңірдің ең үздік олимпиадалық командасы ретінде Алакөл ауданының Жыланды ауылындағы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың «Water 7» командасы танылды. Бұл команда мамыр айында Шанхайда өткен халықаралық робототехника байқауында «Connect Award» кубогын жеңіп алған болатын. Ал «Олимп шыңына жетелеуші» номинациясымен Талдықорған қаласындағы №24 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей үздік оқу орны ретінде танылып, қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды.

Марапатталғандардың ішіндегі ең жас дарын иелерінің бірі — Ескелді ауданындағы Герман Титов атындағы мектептің 2-сынып оқушысы Ғалымбек Айбекұлы болды.

— Мен 2-4 сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасына қатысып, 2-орын алдым. Маған өте ұнады. Ұстазым Татыгүл апайға және ата-анама үлкен алғысымды білдіремін, — дейді жас математик.

Республикалық география олимпиадасында үшінші орын алған Ерхат Тақатбек те өз әсерімен бөлісті:

— Ашық айтқанда, карталармен жұмыс істеу, қосымша әдебиеттерді іздеу, кезекті, оңай емес кезеңдерден өту – бәрі оңай болған жоқ. Бірақ табандылық пен мұғалімдер мен тәлімгерлердің эмоционалдық әрі психологиялық қолдауының арқасында бәрі мүмкін болды, — дейді Ерхат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай марапаттау рәсімдері оқушыларды зияткерлік олимпиадалар мен байқауларға қатысуға ынталандыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03