Әскер • 04 Маусым, 2025

Қостанай облысында республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығулары өтіп жатыр

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай, Рудный қалаларында республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығулары басталды, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығулары өтіп жатыр

 

«Найза-Антитеррор-2025» жоспары бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы ұйымдастырып жатқан іс-шараның мақсаты – террористік сипаттағы қатерлер туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою.

«Оқу-жаттығу аясында арнайы техника, құқық қорғау және арнайы органдардың әртүрлі бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады. Іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қаланың жекелеген көшелерінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», деп хабарлайды Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабының өкілдері.

Штаб өкілдері өтіп жатқан тактикалық оқу-жаттығуға қатысты қандай да бір жалған ақпарат таратқан азаматтардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше