Ғылым • 04 Маусым, 2025

Аграрлық университетте Қазақстан-Неміс институты құрылады

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма Төрағасы-ректор, ҰҒА президенті, академик Ақылбек Күрішбаев Қазақстан-Неміс университетінің президенті, доктор Волрад Роммельмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Аграрлық университетте Қазақстан-Неміс институты құрылады

Кездесу барысында тараптар бұрын қол қойылған келісімдер шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары туралы ұсыныстармен бөлісті.

Қабылданған аса маңызды шешімнің бірі – KazNARU базасында екі университеттің академиялық ресурстарын біріктіретін білім беру және ғылыми-зерттеу платформасы бола алатын бірлескен Қазақстан-Неміс институтын құру туралы келісім.

«Қазақстан-Неміс институты бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша жас мамандарды даярлауды жүзеге асырады, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға байланысты түрлі бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми потенциалды үйлестіру орталығына айналады», - деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев.

Жаңа бірлескен институтты сәтті іске қосу үшін және белгіленген уағдаластықты іске асыру бойынша Жол картасы әзірленбек. Онда білім беру бағдарламалары құрылымын бекіту, оқытушылар құрамын іріктеу тетіктерін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды тарту т.б. мүмкіндіктерқарастырылады.

Доктор Волрад Роммельдің пікірінше, жаңа құрылымды құруға Германия мен Еуродақтың Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан қолдау көрсетілп, сондай-ақ студенттерді оқытуға мемлекеттік гранттар бөлініп, технологиялар трансфері жүзеге асырылмақ.

Қазақстан-Неміс институты білім беру және оқыту орталығы ғана емес, сонымен қатарөзара тәжірибе алмасу және озық ғылыми әзірлемелерді енгізу платформасы болады деп жоспарланып отыр. Оның шеңберінде агроөнеркәсіптік өндіріс саласында тұрақты және инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған бірлескен зерттеу жобалары іске асырылмақ.

Кездесу қортындысында тараптар белгіленген жоспарларды одан ары тереңдете отырып, әріптестікті жаңа деңгейге көтерудің нақты қадамдарын белгілеуге дайын екендіктерін атап өтті.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03