Төтенше жағдай • 04 Маусым, 2025

Батыс Қазақстанда өрт болып, 5 сәби қаза тапты

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түстен кейін Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты ауылында жеке үйлердің бірінде өрт шығып, үй мүліктері мен жиһаз жанып кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда өрт болып, 5 сәби қаза тапты

Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне суыт хабар 4 маусым күні сағат 15:03-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан кейін келген.

«Құтқарушылар жеткен кезде Сағырбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің бірінде 30 шаршы метр аумақ ашық жалынмен жанып жатты. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке орай, балалар ауруханада қайтыс болды» деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндіріліп, оқиға орнына ТЖД басшылығы, зерттеу-сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы келген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Кейбір ақпарат бойынша қаза тапқандар бір үйдің балалары, олардың ең үлкені 2019 жылы туған, кішісі небары 8 айлық.

Жантүршігерлік оқиғадан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев әлеуметтік желіде қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты.

«Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі де сол жерде, барлық қажетті қызметті үйлестіріп жатыр. Әкімдік тарапынан  жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі. Жағдай менің жіті бақылауымда» деп жазды облыс әкімі.

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03