Қоғам • Кеше

Жағажайлар мен демалыс аймақтарына талап күшейтілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді. Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 29 мамырдағы жаңа талаптарды енгізетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жағажайлар мен демалыс аймақтарына талап күшейтілді

Ведомство атап өткендей, енді жергілікті атқарушы органдар су айдындары мен су шаруашылығы құрылыстарында құтқару бекеттері болмаса, жаппай демалыс, туризм және спорт аймақтарын ашуға рұқсат бермейді. Бұл бекеттер кәсіби нұсқаушылармен, қажетті құтқару жабдықтарымен және құралдарымен толық жабдықталуы тиіс.

Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған арнайы бөлменің болуы міндетті – онда кезекші медицина қызметкері, қажетті құралдар мен дәрі-дәрмектер болуы қажет. Бұдан бөлек, мұндай нысандарда балалар шомылатын арнайы аймақтар (балалар жағажайы) жабдықталуы керек.

Бұған дейінгі ережелерде құтқару бекеттерін ерікті құтқарушылармен жабдықтау қарастырылған болатын.

Бұйрық 2025 жылдың 15 маусымынан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03