Мәселе • Бүгін, 08:50

Қарақұрт қаптап кетті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Улы жәндіктер Торайғыр көлінің аумағындағы алтыншы орамда, 30 гектардай жерді жайлаған. Мамандар көлге сая­хат­тауға келген туристерге сақ болуды ескертіп отыр.

Қарақұрт қаптап кетті

Баянауыл ұлттық паркі

Баянауыл ұлттық пар­кінің ғылыми қыз­меткерлері Торайғыр көлінің солтүстік-шығысындағы тастақ жерлерден қарақұрт жұ­мыртқаларын тапқанын мә­лімдеді. Демек жаз маусымында қауіпті жәндіктің қайта шығу ықтималдылығы бар.

– Тастар арасында улы өр­мекшілердің жұмыртқалары бары анықталды. Жәндіктер қыста тастардың қуысына кіріп жан сақтайды да, күн жылына жер бетіне шығады. Айрықша қорғалатын жер болған соң, парк аумағында химиялық өңдеуге рұқсат жоқ. Жұмыртқаларын қолмен жинап, құтыға салып өртеп жібереміз. Былтыр шамамен 30 га жерде осындай іс-шараларды атқарғанбыз. Алдағы апталарда мамандарымыз жұмыртқаларды жоюға қайта кіріседі. Сондай-ақ То­райғыр ауылдық округінің әкім­дігіне ескерту хат жібердік. Олар өздеріне тиесілі жерлерді өңдеуі керек, – дейді ұлттық парктің ғылым және мониторинг бөлі­мінің ғылыми қызметкері Мұрат Жасұлан.

ап

Қарақұрт осымен ұлттық парктен үшінші жыл қатарынан табылып отыр. Қызметкерлер 2023 жылы 1593 жұмыртқа мен қара­құрттың 356 ұрғашысын жинап, жойса, былтыр 523 жұмырт­қа мен 124 ұрғашысы өртелген.

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, Торайғыр ауылдық округіне қарасты жерлердің біраз бөлігі (Ұлттық паркке тиесілі емес жерлер) қарақұртқа қарсы хи­миялық өңдеуден өтеді.

п

– Бұл мақсатқа бюджеттен 1,8 млн теңге бөлініп, мердігер таңдалып қойды. Өткен жылы тамыз айында қарақұрт қаптап кетуіне байланысты төтенше жағдай режімін жариялауға мәжбүр болғанбыз. Биыл ерте қамдандық. Өңдеу іс-шара­ларын екі рет жүргізу қарас­тырыл­ған. Былтыр 150 га жер өңделсе, биылғы шама да содан кем болмайды, – деді А.Кісентаев.

Қарақұрт адамға өте қауіпті. Дәрігерлер егер қарақұрт шағып алса, бірден медициналық кө­мекке жүгінген абзал дейді. Медициналық көмек келіп жеткенше қарақұрт шаққан жер­ді 2-3 минут күйдіруге болады. Ол жәндіктің улы әсерін жояды.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы,

Торайғыр ауылы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03