Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

«Айыппұлға тәртіптік құрал ретінде қараған дұрыс»

40 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Ертіс-Баян өңірінде мобильді кешендермен және тіркегіштермен жабдықталған 20 патрульдік автокөлік бар. Өңір полициясы автокөліктердің қозғалысын бақылайтын мобильді кешендер мен камералар санын көбейтіп, жолдағы қауіпсіздікті күшейту көзделіп отыр. Осы орайда Өңірлік жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафиновты әңгімеге тарттық.

«Айыппұлға тәртіптік құрал ретінде қараған дұрыс»

– Кейінгі уақытта жүр­гізу­шілер қауымы облыс аума­ғында мобильді кешендер орнатылған патруль­дік көлік­тердің көбей­генін ­бай­қап отыр. Бұл неден ту­ған қажет­тілік? Айыпппұл­ды еселеп, бюджеттің бү­йірін томпайту үшін бе, әл­де жү­генсіз жүргі­зушілерді құрықтаудың амалы ма?

– Павлодар облысы бо­йынша мобильді кешендермен және тіркегіштермен жабдықталған патрульдік машиналардың саны бүгінде 20-ға жетті. Оның жартысы – «Кибер Шериф» және өзгесі «Ekin Patrol» жүйелері. Барлық жүйе ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық, об­лыстық және аудандық маңыз­дағы автожолдар бо­йына жұмылдырылған. Сон­дай-ақ бірнешеуі облыс орта­лы­ғындағы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етуге қатысады. «Кибер-шериф» пен «Ekin Patrol» борттық аппараттық-бағдарламалық кешендері 360 градуста фото-бейне тіркеуін және панорамалық бейне жазбасын жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану, іздеу базалары бойынша техникалық құралдарды автоматты түрде тексеріп, инспекторларды хабардар ету. Ең соңы, геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, автокөліктердің жыл­дам­дығын анықтайды. Жаңа­шыл техноло­гияның бар­лы­ғы азаматтардың қауіпсізді­гін нығайтуға, жүргі­зушілер­дің тәртібін арттыруға бағыт­талған.

– Егер әлгіндей патруль­дік көліктер жолдағы тәр­тіпті торуылдау кезінде арнайы жарық сигналда­рын қоспаса, полицей қызмет­керлері заңды бұзған болып есептеле ме?

– Патрульдік-бекеттік қыз­мет атқару нұсқаулығына сүйен­сек, полиция инспекторы тіке­л­ей автожолды патруль­деу кезінде жалпыға ортақ жол қозғалысы ережеле­рін ұстанады. Ал жол-көлік оқиғасы туралы шақыру немесе хабарлама түскен жағдайда, жол қоз­ға­лысында басымдық алу үшін көк және қызыл түсті жа­рық маягын, ар­найы дыбыс сигналын қо­сып қозғалуы қажет. Күн­дізгі мезгілде арнайы сигнал жол қозғалысы ереже­лерін бұзушылықты тіке­лей анықтаған жағдайда ғана қолданылады. Ал жол қозға­лысына қатысушылардың жол ережесін бұзған сәтін түсіру кезінде патрульдік көліктің жарық сигналы қосылмай тұрса, ол заң бұзушылық болып есептелмейді. Себебі құқық­бұзушылық автоматты бағдар­ламалық жүйемен анықталады.

– Ал түнгі уақытта ше?

– Полиция қызметкерле­рінің патрульдік бекеттік қызметті атқаруы жөніңдегі нұсқаулықты бекіту туралы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы №164 бұйрығында тәуліктің қараңғы уақытында патрульдеу тұрақты жарық сигналын қолдана отырып жүзеге асырылады деп көрсетілген. Бұл бұйрықты бұзған полиция қызметкерлеріне Құқық қорғау қызметі туралы заңның 57, 58-баптарына сәйкес шара қолданылады.

– Былтыр облыстағы мобильді кешендер неше заң бұзушылықты тіркеді?

– 2024 жылы Павлодар облысы аумағында мобильді кешендердін көмегімен 35 мыңнан аса ұйғарым шығары­лып, жалпы сомасы 488 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Заңбұзушылықтың басым бөлігі – жылдамдықты арттыру.

– Өңірде «Сергек» жүйе­сіне ұқсас камералар орнату қарастырылған ба? Ол қашан жүзеге асырылады?

– Биыл Павлодар, Екібас­тұз және Ақсу қалаларын­да, сон­­дай-ақ республикалық маңы­зы бар автожолдарда заң бұ­зушылықтарды тір­кеу жүйе­лерін орнату жос­пар­ланған. Бұл – ең әуелі жер­гілікті атқару биліктерінің құ­зырындағы мәселе. Облыс­та бұл бойынша арнайы жоба қабылданып, қаражат қа­растырылған. Жаңа жүйелер орнатылса, жүр­гізушілердің тәртібі нығайып, жол-көлік оқиғалары азая түседі деген үміттеміз.

– Жол-көлік апаттары­ның көбеюіне көбіне қан­дай жағдай себеп болып отыр?

– Жүргізушілердің қарсы бағытқа шығып кетуі, жылдам­дық­ты шамадан тыс асыру мен жаяу жүргіншілерге жол бермеуі қайғылы жағдайға жиі соқтырып жатыр. Жыл басынан бері облысымызда жол-көлік апатының саны 57 пайызға өскені байқал­ды. Оның ішінде қаза тап­қандар саны көбейіп, зар­дап шеккен адамдардың үлесі 62 пайызға артқан. Авто­жолдарда жылдам­дық ре­­жі­мін бұзған 26 мыңға жуық жүр­гізуші анықталды. Жыл­дам­дықты арттыру – өңір жол­­дарында ең көп тарал­ған заң бұзушылықтың бірі. Мысал үшін жақында Астана – Павлодар автожолы бо­­йын­да «Haval dargo» автокө­­­лігі са­ға­тына 207 шақырым­­мен жүйт­кі­гені камераға тү­сіп қалды. Жүргізуші 157 280 теңге сомасында айыппұл төледі. Тағы бір жағдай­да «Range Rover» автокөлігі ұсталды. Ол сағатына 237 ша­қырым жылдамдықпен жүр­ген. Кез келген шектен тыс жылдамдық жол қозғалы­сы­на қатысушылар үшін үлкен қауіп төндіреді. Олар­дың барлығы жазасыз қалмай­ды. Айыппұлға жол қозға­лы­сы ережелерін бұз­ға­ны үшін қолданылатын әкім­ші­лік шара емес, ережелерді сақ­таудың маңыздылығын, қоз­ға­лысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығына құрмет­­­пен қарауды еске салатын тәр­тіп­тік құрал ретінде қараған дұрыс.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен –

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03