Саясат • Бүгін, 09:05

ТМД елдерінің ынтымақтастығы беки түседі

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты.

ТМД елдерінің ынтымақтастығы беки түседі

Шағын және кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласын­дағы өзара іс-қимыл, авиация­лық қатынас, ұйым­ға мүше мемлекеттердің әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Кеңес жұмысы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның делегация басшыларымен ұжымдық кездесуі өтті.

Кеңес отырысында Олжас Бектенов Қазақстанның ұйым­ды одан әрі дамытуға әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті.

«Ынтымақтастықтың қа­лып­тасқан тетіктерінің, елдер көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен үкіметтерінің күш-жігері нәтижесінде ТМД кеңістігінде орнықты даму мен дәйекті экономикалық өсу қамтамасыз етіліп келеді. Бұған өткен жылдың қорытындысы бо­йынша ТМД елдерінің жалпы ІЖӨ көлемінің 4,5%-ға артуы дәлел. Өзара сауда-саттық тұрақты өсіп келеді. Былтыр Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 1,2%-ға өсіп, 37,3 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіштер экономикалық бай­ланыс­тардың тұрақтылығын ғана емес, сонымен қатар біздің экономикаларымыз арасындағы өзара толықтырудың жоғары деңгейін көрсетеді», деп атап өтті О.Бектенов.

Жиында электронды сауда саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Қазақстан­да өткен жылы e-commerce кө­лемі 6,2 млрд долларды құрады. ТМД-да электронды сауда әлеуе­тін то­лық­қанды іске асыру үшін инфрақұрылымдық базаны дамыту, бизнесті қолдау, тұтыну құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру сынды кешенді тәсіл­дердің қажеттігі атап өтілді.

Көлік-транзиттік инфрақұ­рылым саласындағы ынтымақ­тастық шеңберінде Қазақстан аумағында іске асырылатын аса маңызды жобалар атап өтілді. Бұл  – 2027 жылға қарай дәліздің өт­кізу қабілетін екі есеге арттыру­ға, Транскаспий халықаралық көлік бағыты негізгі буыны ретінде Трансқазақстандық теміржол дәлізін кеңейтуге, Астананы еліміздің батыс өңірлерімен және халықаралық бағыттармен байланыстыратын «Орталық – Батыс» күре жолын салуға бағыт­талған «Солтүстік – Оңтүс­тік» шығыс бағытын дамыту жөніндегі кешенді жол картасы. Аталған жобалар – Қазақстан Пре­зи­дентінің ТМД-ға мүше мем­ле­кеттердің аумағы арқылы өте­тін күре жолдарды өзара ұш­тас­­тыру тұжырымдамасын қа­лып­­тастыру жөніндегі бастамасын іске асыруда маңызды фактор.

Елдердің бәсекеге қабілетті­лігін анықтайтын стратегия­лық сала – ауыр машина жасау. Қазақстанның ТМД елдерінің серіктестерімен ынтымақтас­тығын дамыту келешегі атап өтілді. Жеңіл өнеркәсіп саласында кооперацияны тереңдету, бірлескен өндірістік жобалар мен кластерлерді қолдау маңызды.

Цифрлық саладағы озық шешімдермен тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылуда. Қазақстанда құрылып жатқан Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және тағы басқа салаларға ЖИ енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттердің уәкілет­ті құрылымдарының киберқауіп­сіздік және трансұлттық сипат­та­ғы алаяқтық әрекеттермен кү­рес са­ла­сындағы өзара іс-қимы­лын жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Отырыс соңында ТМД мемле­кеттері арасындағы ауыр машина жасау салаларын дамыту­дағы ынтымақтастық туралы келі­сім, Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту тұжы­рымдамасы, ТМД ел­­дері­нің әуе қозғалысын ұйымда­с­тыру­дың ұлттық жүйе­лерін үйлестіру тұжы­рым­дамасы, Халықтың ден­сау­лығын сақтау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасы сияқты және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығы ұйымына мүше елдер үкі­меттері басшылары кеңесінің ке­лесі отырысы 2025 жылдың  қыр­к­үйек айында Минскіде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03