
Өндіріс • 28 Наурыз, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, өңірде Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов Сергеев су торабына барды, сондай-ақ Петропавл қаласында 1-көтергіш сорғы стансасы мен бөгеттің бекінісін реконструкциялау барысын тексерді. Сонымен қатар Үкімет басшысы тиісті ведомство басшыларымен апат қаупінің алдын алу бойынша республикалық кеңес өткізді.
Әлем • 24 Қаңтар, 2025
Қалың тұман тұмшалаған Бейжің аспанында шыркөбелек айналған ұшақтың жерге табан тірей алмай жүргенінде қонуға тиіс межелі уақыттан қырық минут асып кеткен-ді. Бұл кезде жанын шүберекке түйіп отырған 200-ге жуық жолаушының дегбірі қаша бастаған. Жай кездің өзінде дабырлап сөйлесетін жергілікті азаматтардың даусы тіпті зорайып кеткендей. Бортсерік қыз аузы-аузына жұқпай әлденені түсіндіріп әлек, сабырға шақырғаны болар. Қытай тілін түсінбесек те, ағылшынша мән-жайды ұғысатын қауқарымыз бар еді, алайда мардымды жауап ала алмадық. Сол сәтте экипаж командирі күн райының қолайсыздығына байланысты Тяньзинь қаласының әуежайына қонуға мәжбүр екенін қытайша-ағылшынша хабарлап жатты.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2024
«Жасыл экономикаға» көшу – жауапты міндет
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2024
ЖИ: Қажеттілік пен қауіпсіздік мәселесі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық өмірдің барлық саласына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады.
Энергетика • 20 Желтоқсан, 2024
Энергетика саласындағы елеулі өзгерістер
Елдің экономикалық белсенділігі жоғарылаған сайын электр энергиясына сұраныс та арта түсетіні белгілі. Биыл Үкімет дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін теңгерімді дамыту бағытында маңызды қадамдар жасады.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2024
Экономиканы әртараптандыру – тұрақты даму кепілі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға күш салып отырғаны мәлім. Отандық өндірушілерді тұрақты қолдау арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайтып, іскерлік белсенділікті арттыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп отыр.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2024
Инфрақұрылымды дамытудың серпінді стратегиясы
Биыл ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі айқындалды.
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2024
Биылғы жыл еліміздің су секторын реформалау мен дамытудағы маңызды кезең болды. Көктемдегі жойқын тасқын судың тіршілік нәрі ғана емес, абайламаса, алапат қаупі де барын тағы бір мәрте еске салғандай. Өткеннің сабағы еліміздің су ресурстарын басқару жүйесін реформалауға негіз болғаны анық. Саладағы өзгерістер суды тиімді пайдалануға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2024
ТМД-дағы өзара сенім мен ынтымақтастық
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Н.Бауман атындағы ММТУ алаңында өткен іс-шарада делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.