Қуат ӘУЕСБАЙ
Қуат ӘУЕСБАЙ«Egemen Qazaqstan»
50 материал табылды

Энергетика • 20 Желтоқсан, 2024

Энергетика саласындағы елеулі өзгерістер

Елдің экономикалық белсенділігі жоғарылаған сайын электр энергиясына сұраныс та арта түсетіні белгілі. Биыл Үкімет дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін теңгерімді дамыту бағытында маңызды қадамдар жасады.

Экономика • 19 Желтоқсан, 2024

Экономиканы әртараптандыру – тұрақты даму кепілі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға күш салып отырғаны мәлім. Отандық өндірушілерді тұрақты қолдау арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайтып, іскерлік белсенділікті арттыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп отыр.

Экономика • 18 Желтоқсан, 2024

Инфрақұрылымды дамытудың серпінді стратегиясы

Биыл ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі айқындалды.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2024

Су саласына соны серпін керек

Биылғы жыл еліміздің су секторын реформалау мен дамытудағы маңызды кезең болды. Көктемдегі жойқын тасқын судың тіршілік нәрі ғана емес, абай­­ламаса, алапат қаупі де барын тағы бір мәрте еске салғандай. Өткеннің сабағы елі­міздің су ресурстарын басқару жүйесін реформалауға негіз болғаны анық. Сала­дағы өзгерістер суды тиімді пайдалануға, сондай-ақ кли­маттың өзгеруі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған.

Саясат • 13 Желтоқсан, 2024

ТМД-дағы өзара сенім мен ынтымақтастық

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Н.Бауман атындағы ММТУ алаңында өткен іс-шарада делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.

Экономика • 13 Желтоқсан, 2024

Өнеркәсіп әлеуетінің экономикалық негізі

Мемлекет тарапынан өнеркәсіптікті дамыту мен отандық өндірушілерді қолдауға айрықша көңіл бөліп отыр. Халыққа Жолдауында Президент «Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасады. Онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды» деген еді.

Экономика • 12 Желтоқсан, 2024

Цифрлық трансформацияға – нақты қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өткен еді. Бүгінде өркениет көшіне ілескен елдердің қай-қайсысы да жасанды интеллектіні дамытуға айрықша басымдық беріп отырғаны мәлім. Бұл үрдістен еліміз де шет қалмайтыны анық.

Туризм • 10 Желтоқсан, 2024

Туризм саласы тұрақты дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде туризм саласын жаңғыртуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық экономикаға кірігуге бағытталған жүйелі іс-шаралар кешені жүзеге асырылып келеді. Аталған сала мемлекеттік қолдаудың, инвестиция тарту мен халықаралық аренада ілгерілетудің арқасында айтарлықтай жетістікке жетіп отыр.

Экономика • 30 Қазан, 2024

Экономикалық патриотизм: Отандық өнімді қолдау мен дәріптеу

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы машина жасау үлесі 1,9 пайызға жетті. Өндіріс пен инвестиция көлемі артып келеді. Биылғы 9 айда отандық жобаларға шамамен 108,2 млрд теңге жұмсалды, былтырғыға қарағанда бұл 2,2 есеге артық.

Экономика • 16 Қазан, 2024

Ілгерілеу бар, іркіліс те жоқ емес

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылу барысы мен вегетациялық кезеңнің өту қорытындылары қаралды.