Қуат ӘУЕСБАЙ
Қуат ӘУЕСБАЙ«Egemen Qazaqstan»
35 материал табылды

Сұхбат • 03 Қыркүйек, 2025

Серік АҚШОЛАҚОВ: Нейрохирургияның инновациялық өрісі кеңейіп келеді

Ұлттық нейрохирургия орталығы әлемдегі таңдаулы медициналық ұжымдардың алдыңғы легінде аталады. Себебі мұнда жыл сайын 5000-нан астам операция жасалып, сырқатына шипа іздеген жандардың жүрегіне шуақ сыйлайды. Мақтанышпен айтар жайт, елімізде алғаш рет нейрохирургияның ілкімді бағыты саналатын микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия салалары да өріс алды. Осыдан 20 жыл бұрын жерлестеріміз шетелдің алдыңғы қатарлы нейрохирургиялық орталықтарында операция жасатса, бүгінде дамыған елдердің де азаматтары Астанаға ат байлап, сырқатына шипа табады. Ұлттық нейрохирургия орталығында 17 жыл ішінде 70 мыңнан астам науқасқа ем жүргізіліп, 50 мыңнан астам операция жасалған. Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен дидарласып, ол жетекшілік ететін іргелі ұжымның тыныс-тіршілігі, даму үдерісі туралы әңгіме өрбітудің орайы туды.

Үкімет • 29 Тамыз, 2025

Шахтерлерге – лайықты құрмет

Елімізде тамыздың соңғы жексенбісінде Шахтер күні аталып өтеді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнер­кәсібінің ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттық­тап, мемлекеттік наградалар табыс етті.

Сұхбат • 09 Шілде, 2025

«Су реформасы – экономикалық дамудың негізі»

Су шаруашылығы – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен эко­но­ми­калық дамуына тікелей әсер ететін маңызды стра­тегиялық бағыттардың бірі. Ауызсу мен суармалы сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді басқару, инфрақұрылымды жаңғырту мен кли­маттық өзгерістерге бейімделу – бұл сала мамандарының күн­делікті атқаратын негізгі міндеті. Су шаруашылығы қыз­мет­керлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан НҰРЖІГІТОВПЕН кездесіп, министр­ліктің атқарған жұмысы, заңнамалық жаңалықтар, инфра­құрылымдық жобалар мен саланы дамытуға бағытталған ұзақмерзімді жоспарлар туралы әңгімелескен едік.

Үкімет • 05 Шілде, 2025

Энергетикалық жобалар мүмкіндігі

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын, оның ішінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын орындау аясында негізгі энергетикалық және ақпараттық-ком­му­никациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткіз­ді.

Өндіріс • 20 Маусым, 2025

Өндірісі өрістеген өңір

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамы­ту, терең өңдеуге баса назар аудара оты­рып, экономиканы әрта­раптандыру, энерге­тика­лық инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсыр­маларының орындалу барысын тексерді.

Сұхбат • 13 Маусым, 2025

«Адамның өмірі мен денсаулығы – мемлекеттің басты құндылығы»

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Атаулы күн қарсаңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал ӘЛНАЗАРОВАМЕН саланың жетістіктері, бүгінгі сын-қатерлер мен дәрігерлердің қоғамдағы рөлі туралы сұхбаттастық.

Үкімет • 11 Маусым, 2025

Еңбекті қорғауға ерекше көзқарас

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірісте жазатайым жағдайлардың алдын алу, еңбек адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру мәселесі қаралды. Сонымен қатар туристердің еліміздегі демалысын жайлы ету жайы да сөз болды.

Саясат • 06 Маусым, 2025

ТМД елдерінің ынтымақтастығы беки түседі

Премьер-министр Олжас Бектенов Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты.

Үкімет • 04 Маусым, 2025

Отандық өндірісті жүйелі қолдау жалғасады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қол қойған елішілік құндылық институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі заң шеңберінде отандық өндірісті дамыту және қолдау шаралары қаралды.

Экономика • 28 Мамыр, 2025

Ерте қамданғанның есебі түгел

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды.