Саясат • Бүгін, 08:45

Ілкімді жобалар цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады

0 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Вице-премьер – Ұлттық экономи­ка министрі Серік Жұманғарин мен Ұлт­тық банк төра­ға­сы Тимур Сүлей­менов мемле­кет­­тік қаржы саласы­на цифрлық теңгені енгізу жөніндегі жұ­мыс тобының бірінші оты­рысын өткізді.

Ілкімді жобалар цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады

Цифрлық теңгені енгізудің бағыттары

Ортамерзімді кезеңде кемінде 100 мемлекеттік жобаны жүзеге асыру кезінде цифрлық теңгені енгізу міндеті қойылып отыр. Ол үшін Ұлттық банк Қаржы министрлігімен бірлесіп, транзиттік интеграция моделін жүзеге асыруда. Нысаналы модель Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті үшін бірыңғай терезе құруды, цифрлық теңгені эмиссия­лау және өтеу жөніндегі үдерістерді автоматтандыруды, сондай-ақ өтімділікті басқару тәсілдерін енгізуді көздейді.

Ұлттық банк төраға­сы­ның кеңесшісі – цифрлық трансфор­мация жетекшісі Бинұр Жәленов енгізу барысы мен кеңейту жос­парын ұсынды. Қазір қанат­қақты режімде цифр­лық теңгені пайдалану бо­йынша бірнеше жоба сынақ­тан өткізілуде. Атап айт­сақ, Пав­лодар, Атырау облыс­та­рындағы жолдарды орташа жөндеу бойынша екі жоба мен Астанадағы мектеп оқушыларына тегін ыстық тамақ алуға ваучерлер бөлу жобасы. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру кезінде, «Даму» қоры желісі бойын­ша кәсіпкерлерді қолдау бағ­дарламасына, Мем­ле­кет­тік кірістер комите­тінің мемлекеттік сатып алулары кезінде боялған ақшаны енгізу жөніндегі қанатқақты жобалар пысықталып жатыр.

Таңбаланған цифрлық бюджет қаражаты тек келі­сім­шартта белгіленген мақ­сат­тарға ғана пайдаланылуы мүмкін. Таңбалау жұмыс­тар­ды немесе қызметтерді толық орындап, түпкілікті өндірушілерге жеткізілімді растағаннан соң немесе шарт талаптары аяқталғаннан ке­йін ғана алынады.

Бұл цифрлық теңгені бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын автоматтандыру мен бақылаудың икемді құралына айналдырады.

Қанатқақты жобалар кеңей­­­тудің алдында ше­шілу­ге тиіс бірқатар мәселені анық­­тады.

Жол жөндеу кезінде цифрлық теңгені енгізу үшін тауарды, жұмыс пен қыз­метті нормалаудың бірың­ғай әдістемесі қажет. Сондай-ақ барлық тауарлар мен қыз­меттердің боялған бөл­шек­терімен жобалау-сме­та­­­лық құжаттаманы цифр­­­ландыру қажет. Ол үшін цифр­лық теңге платформа­сын жолдарды жөндеуге серти­фикатталған тауарларды өндіру­шілердің немесе лицензияланған жеткізу­шілердің эталондық дерек­қор­ларымен интеграциялау қажет. Сондай-ақ тран­­зак­цияны тексеру әдісте­месі мен шы­ғындарды салыс­ты­ру алго­ритмдері қажет.

«Пилот қорытындысы бойынша біз жекелеген материалдар мен қызметтердің құнындағы айтарлықтай сәйкес­сіздіктерді көрдік. Сала­лық сараптамасыз бұл алшақ­тықтың себебін объек­тивті бағалау мүмкін емес», деді Б.Жәленов.

Бұдан бөлек, цифрлық теңге арқылы төлеу үшін тізбек­тің барлық қатысушы­лары – тапсырыс берушілер, бас мердігерлер және қо­сал­­қы мердігерлер – «е-шарттар» жүйесінде цифр­­­­лық теңгедегі шоттары бо­лу­­ға тиіс.

 

Әзірлік жұмыстары басталды

Қанатқақты жоба Астана­дағы 113 мектеп пен 29 бірегей азық-түлік жет­кі­зу­шінің қатысуын көз­дей­ді. Жоба басқа қиын­дық­тармен қатар, тамақ­тану қызметтерін іске қосу үшін жеке биз­нес-процесті әзірлеу қажеттілігін анықтады. Сондай-ақ мектептердің әр­­түрлі ұйымдық-құқық­тық формаларына бай­ланыс­ты қиындықтар туын­дайды. Жыл соңына дейін техникалық дайын мек­тептерді цифрлық тең­геге шығару, ал қалған мәселе­лер­ді келесі оқу жылына дейін шешу жоспарланып отыр.

«Дамуға» өтінім беру кезінде ШОБ несиені пайдалану мақсаттарын көрсетіп отырғаны атап өтілді. Бұл бағ­дарламаланатын пара­метр­­лерді алдын ала қалып­тас­тыруға мүмкіндік береді. Жақын арада 2026 жылғы пилот үшін алғашқы жоба анықталады.

МКК мемлекеттік сатып алу кезінде цифрлық теңгені қолдануға қатысты мемлекеттік сатып алудың жеке­леген түрлерінде цифр­лық теңгені енгізудің техни­калық әзірлігі қамта­масыз етілді. Қажетті құжат­тама­лық рәсімдер жүр­гізіліп отыр. Цифрлық тең­гені енгізу есеп айырысу тізбек­те­рінің толық ашықтығын қамтамасыз етіп, бюджетке түсетін түсімдердің то­лық­ты­ғы мен уақтылығын қам­тамасыз етеді. Салық тәуе­­­­келдерін азайтып, қара­жат­­­ты жұмсауды бағдар­ла­малау есебінен жалған схе­ма­ларды пайдалану мүм­кін­­ді­гін шектейді.

Қазір қанатқақты режім­де іске қосу үшін келесі жобалар пысықталып жатыр. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС – ЭШФ жүйесінің цифрлық теңге платформа­сымен интеграциясы жүр­гі­зі­ліп отыр. Пилотты кеңейту 2025 жылдың соңына дейін орындалады. «Қауіпсіз мәмі­ле» жобасы – ІІМ мен ЖИЦД министрлігі автомобиль үшін ақша қайта тіркелгенге дейін бұғат­та­ла­тын механизмді сынақтан өткізіп жатыр. Жоба 2026 жылғы сәуірде іске қосылу­ға тиіс. Дәл осындай меха­низмді жылжымай­тын мүлік мәмілелері үшін қолдану жос­парланып отыр. Сондай-ақ қымбат медициналық жаб­­­дық­тарды сатып алу ке­зін­де және ірі өнеркәсіптік нысан­­дарды салуда цифрлық тең­гені қолдану.

Отырыс қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі жыл соңына дейін Ұлттық банк­пен бірлесіп, қазына­шылық жүйелерін цифрлық теңге платформасымен ин­те­гра­­циялаудың нысаналы моделін әзірлейді деп ше­шілді. Көлік министр­лі­гі­нің алдына жолдарды орташа жөндеудің жаңа жобаларында цифрлық теңгені кеңейтудің жол картасын әзір­леу міндеті қойылды. «Самұрық-Қазына», Оқу-ағарту министрлігі және Денсаулық сақтау министр­лігі цифрлық теңгеге сатып алатын жобалардың тізбесін айқындауға тиіс.