
Фото: Ақорда
«Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлық мейрам қайырымды болу, имандылық пен жанашырлық сияқты халқымызға тән бірегей қасиеттерді дәріптейді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда діннің аса маңызды миссиясы ұлтты ұйыстыру екенін атап өтті. Бұл орайда Құрбан айт ел бірлігін бекемдеп, асыл дініміздегі рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуда айрықша орын алады. Айт күндері ағайын-жұрт бір-біріне игі лебіздерін білдіріп, бауырмалдық пен өзара сыйластықтың шынайы үлгісін көрсетеді. Кемел келешектің кепілі ретінде бейбітшілік пен татулықтың маңызы арта түседі.
Қасиетті мереке елімізге ырыс-несібесін ала келсін. Халқымыздың ниеті қабыл болып, әр шаңырақ мол қуанышқа кенелсін», делінген аталған құттықтауда.