Экология • Кеше

Студенттер Баянауыл ұлттық паркіндегі көлдерді қоқыстан тазартты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодардағы колледждердің студенттері Сабындыкөл және Жасыбай көлдерінің аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты, дер хабарлайды Egemen.kz.

Студенттер Баянауыл ұлттық паркіндегі көлдерді қоқыстан тазартты

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Эколог күніне орай Баянауылда «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Өңірдегі колледжердің студенттері ұлттық парктегі орманшылармен бірге аумақты тазартты.

- Тазалық - баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты. Қоршаған ортаның балансын сақтау, табиғат анаға деген қамқорлықты қалыптастыру, тазалыққа үлес қосу-әрбір азаматтың міндеті деп білемін.Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінде бүгін тазарту жұмыстары жүргізілді. Колледждердің студенттері орманшыларға көмекке келді. Акция барысында көзге түскен жастарды мақтау қағаздарымен марапаттадық. Барлық қатысушыларға волейбол доптарын сыйладық,-дейді Баянауыл ұлттық паркінің директоры Аждар Жүсіпов.

Павлодар облысы