
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, жер дүмпуі 7 маусым сағат 8:33-те тіркелген.
- Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылы 7 маусымда Астана уақытымен сағат 8:33-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координатасы: 41.008 N 75.278 E, – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.
Дүмпудің қуаты Алматыда екі балл болған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.