
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Д.Сариева жылдам әрекет етіп, бір сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ұшақ қонғанға дейін пациенттің жанында болып, ресурстар шектеулі болған кезде, бортсеріктермен бірге жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адамның жағдайын тұрақтандыра алған.
«Бортсеріктер мен мейіргер Динара Сариева оның өмірін сақтап қалды», дейді жолаушының әйелі.
Орал қаласының №5 емханасының кеңейтілген практика мейіргері Динара Сариева – күн сайын емханада пациенттерді дербес қабылдауды жүргізеді, медициналық көмек көрсетеді, алғы шепте жұмыс істейді.