
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Спорттық гимнастика: Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш – алтын, екі – күміс, екі – қола, барлығы жеті жүлде жеңіп алды.
Жеңіл атлетика: Грекияның Ханья қаласында халықаралық турнирде биіктікке секіруден ұлттық құрама мүшесі Кристина Овчинникова 190 сантиметрді бағындырып, алтыннан алқа тақты.
Теннис: Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының финалисі атанды. Бұл – ол үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финал.