
Фото: ашық дереккөз
Зардап шеккендердің 20-сы ауруханаға жатқызылса, қалғандары үй жағдайында ем қабылдауда. Ақылбекованың айтуынша, жаппай улану дерегі ресми түрде тіркелген. Ал зардап шеккендердің туыстары банкетке 50-ге жуық адамның қатысқанын және олардың көпшілігі өзін нашар сезінгенін хабарлаған. Кейбір қонақтар жедел жәрдем шақырмаған.
– 8 маусым күні бізге ақпарат түсті. Сол күні эпидемиологиялық тергеу басталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мейрамхана санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз, яғни рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген, – деді Ақылбекова.
7 маусымда сағат 13:00-де нысанға тексеру жүргізіліп, сағат 16:00-де мейрамхананың жұмысына уақытша тыйым салу туралы қаулы шығарылған. Bellagio әкімшілігі бұл шешіммен жазбаша түрде танысқан. Алайда зардап шеккендердің туыстары мейрамхана қаулыға қарамастан жұмысын жалғастырғанын айтуда. Сол күні сағат 18:00-де мекемеде тағы да қонақтар қабылданғаны бейнежазба арқылы расталған.
Санитарлық қызметтің мәліметінше, мекемеде медициналық тексеруден өтпеген жеті қызметкер жұмыс істеген. Қазіргі уақытта олардың да қызметіне тыйым салынған.
Мейрамхананы тексеру нәтижелері бір апта ішінде дайын болады. Содан кейін материалдар қылмыстық іс қозғау үшін полицияға жолданады.
Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті