Ғалам ғажаптары • Кеше

Ерекше ДНҚ-талдау

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық «Nucleus Genomics» компаниясы ЭКО арқылы бала сүюге ниетті ата-аналарға арналған жаңа ДНҚ-талдау бағдарламасын ұсынды. Технология бірден 20 эмбрион­ның генетикалық профилін саралап, 900-ден астам тұқым қуалайтын ауруды анықтайды.

Ерекше ДНҚ-талдау

Құрылғы тіпті болашақ баланың бо­йын, көз бен шашының түсін, «IQ» деңгейін, психикалық бұзылысқа бейімділігін де болжай алады. Нәтижені ата-аналарға гене­тик мамандар түсіндіріп береді. Жоба­­ның негізін қалаушы Киан Садеги жүйе­ні туысқаны генетикалық дерттен қаза бол­ғаннан кейін ойлап тапқан. Ол бұл скринингті адам өмірін ұзартудың жаңа әдісі ретінде ұсынып отыр.