Аймақтар • Кеше

Құтқарушыларға қолдау көрсетті

140 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Атырау облысында төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге L-410 ұшағы қолданылады. Жаңа ұшақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның батыс аймақтық басқармасының авиациялық паркі теңгерімінде болады.

Құтқарушыларға қолдау көрсетті

Чехияда шығарылған L-410 ұшағы – еуропалық «Aircraft Industries» компа­ниясының көп мақсат­қа қолданылатын турбо­винт­тік әуе кемесі. Ка­би­насы Garmin-3000 авио­ника жүйесімен жаб­дықталған. Мұндай жүйе навигациялық дәлдікті арттырып, ұшуды барынша қауіпсіз етеді. Заманауи ұшақ 19 адамды немесе 2-3 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады. Ең жоғары ұшу жылдамдығы – сағатына 417 шақырым. Әуе кемесі 50°C-дан +50°C-ге дейінгі экстремалды температура жағдайында ұша береді.

Төтенше жағдайлар министрі Шың­ғыс Әрі­новтің айтуынша, ұшақ ми­нистрлік құрамындағы авиациялық қыз­меттің жеделдігін арттырады. Екін­­шіден, төтенше жағ­дай­­ларда жедел әре­кет ету мүмкіндігін кеңей­те­ді. «Ұшақ бортында за­­­манауи зембілдер, ауыр науқастарды тасы­мал­­дауға арналған жаб­дық­­тар, ұшу кезінде сыр­қаттар­дың өмірін сақтауды қам­тамасыз ететін қосымша жабдық орнату мүмкіндігі бар», деді министр.

Мұнайлы өңірдің төрт ауданындағы елді мекендерде өрт сөндіру депосы ашылды. Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауы­лындағы жаңа депо Көз­діғара, Жамбыл, Қы­зыл­қоға ауыл­дық округ­терін өрттен қорғау ісін қам­тамасыз етеді. Жаңа ны­санның тағы бірі Ма­қат ауданындағы Дос­сор кентінде орналас­қан. Бұл депо 40 шақы­рым радиустағы 15 мың­нан астам адамның қауіпсіз­дігін қамтып, өрт, өзге де тө­тен­ше жағдайға ден қою уақытын едәуір қысқартады.

Бөкейхан ауылында іске қосылған жаңа де­по­ның маңызы тіпті зор. Өйткені бұл ауыл Құр­манғазы ауданының Ресей Федерациясымен ше­карасындағы Қиғаш өзе­нінің жағалауында орна­ласқан. Су айдынының арғы бетінде Астрахан облысының ауылдары бар.

«Мемлекет басшы­сы­ның азаматтық қор­ғау жүйесін нығайту, өңір­лердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауылдарда өрт сөндіру депосы ашылып жатыр. Мақ­сатымыз – кез келген төтенше жағдай­ға дайын болу, жедел әрекет ету. Бө­лім­шелер заманауи нысан­дармен, жаңа техникалармен қамтылатын болады. Бұл төтенше жағдайдың алдын алуға, зардабын тез жоюға ықпал етеді», деді Ш.Әрінов.

Атырау облысының әкімі Серік Шәп­кенов атап өткендей, шалғай ауыл­дардағы өрт сөндіру деполары заман талабына сай жарақтандырылып жатыр. Елді мекендердегі өртке қарсы инфра­құрылымды нығайту жалғасын табады.

«Өрт сөндірушілердің алаңсыз жұмыс істеуіне толыққанды жағдай жасалды. Мұның бәрі төтен­ше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге, кәсіби тұрғы­да шыңдалуға, азамат­тардың қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге септігін тигі­зеді. Сондай-ақ сала ма­ман­дарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға да назар аударып отырмыз», деді С.Шәпкенов.

Өрт сөндіру депосы жергілікті бюджет есебінен салынған. Құрылысын мер­дігер мекеме – «Декор» ЖШС жүргізген. Жалпы аумағы 480 шаршы метр нысан тез құрастырылатын жоғары сапалы модульді конструкциялардан тұр­ғы­зылған. Ғимаратта дис­пет­черлік, демалыс, ас бөлмелері, оқу сыныбы, екі өрт сөндіру техникасына арналған жабық тұрақ бар.

Төтенше жағдайлар министрі Ш.Әрінов жергілікті өрт сөндіруші­лерге 27 жаңа техниканы салтанатты жағдайда тапсырды. Оның 22-сі – түрлі сыйымдылықтағы цистер­насы бар өрт сөндіру тех­­никасы. Сондай-ақ төтен­ше жағдайлардың салда­рын жоюға арналған жаб­дықтармен қамтылған АСА-20 апаттық-құтқа­ру, байланыс және жа­рық­тандыру, жанармай­мен жабдықтайтын, биік ғи­мараттардағы өртті сөн­діруге арналған меха­ника­лық саты орнатылған АЦЛ-30, манипулятор-эва­куатор, АКП-70 VEMA авто­көтергіші, АСО-20, Trackol Vega-409 техникалары бар.

 

Атырау облысы