Аймақтар • 11 Маусым, 2025

Әлеуметтік кәсіпкерлер ғимаратты жеңілдетілген шартпен ала алады

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлерге бизнестерін орналастыруға арналған үй-жайларды жеңілдетілген шарттармен беру қолға алынды. Мұндай жалға алу құны ҚҚС есебімен 0,1 АЕК немесе бір шаршы метр үшін 440,3 теңге (2025 жылға арналған АЕК-ке сәйкес). Бұл мегаполистегі жалға алудың нарықтық құнынан әлдеқайда арзанға түсіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Әлеуметтік кәсіпкерлер ғимаратты жеңілдетілген шартпен ала алады

Мысалы, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы маңызды жобаларды іске асыратын 30 кәсіпкерге жеңілдікті шарттармен тұрғынүй емес ғимараттарды жалға берді. 

Үй-жайлар корпорация балансында қолайлы жылжымайтын мүлік нысандардың пайда болуына қарай «Алматы» ӘКК сайтында өткізілетін ашық конкурс негізінде ұсынылады. Бұл байқауға әлеуметтік бағдарланған жобаны іске асыратын кез келген кәсіпкер қатыса алады. Әдетте, инклюзия, денсаулық сақтау, білім беру және креативті индустрия салаларындағы бастамаларды қолдауға басымдық беріледі.

Жеңімпазбен жалдау шарты өндіріп алу құқығынсыз ұзарту мүмкіндігімен үш жылға дейінгі мерзімге жасалады. Бұдан басқа, «Алматы» ӘКК-де екі айлық жеңілдікті кезең қарастырылған, ондай кездекәсіпкерден жалдау ақысы алынбайды. Нысандар ағымдағы күйде беріледі, ал Жалға алушы жөндеу жұмыстарын жүргізе алады.

Қазіргі таңда қолдау тапқан жобалардың қатарында мүгедектерді бейімдеу, оңалту орталықтары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған логопедиялық, дефектологиялық, сенсорлық және нейропсихологиялық бағыттағы курстар, сондай-ақ әйелдерге, жасөспірімдер мен зейнеткерлерге арналған шығармашылық шеберханалар мен үйірмелер бар.

Қалада жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылатындықтан, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы әйелдерді жұмысқа орналастыра отырып, тігін өндірісі ұйымдастырылып отыр.

Мемлекет пен әлеуметтік бизнестің әріптестік тетігі аясында Алматыда барлығы 221 жаңа жұмыс орны құрылды.