Архив • Кеше

Мұрағатшылар меморандумы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық архивтер күніне орай Вильнюс қаласында Қазақ­стан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фото­құжат­тар және дыбыс жазбалар архиві мен Литваның Орта­лық мемлекеттік архиві арасында өзара түсіністік туралы мемо­ран­думға қол қойылды.

Мұрағатшылар меморандумы

Құжат тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және архив сала­сындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамы­тып, Қазақстан мен Литва арасын­дағы мәдени-гуманитарлық ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағытталған.

Салтанатты іс-шара аясында «Қазақ даласы мәдениетіндегі әйел рөлі (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы)» атты халықаралық фотокөрменің ашылуы өтті. Көрмеге отандық архив қорынан алынған тарихи фотоматериалдар қойылып, көпшілікке қазақ әйелдерінің қоғамдық өмірдегі ерекше орны мен рөлі көрсетілді. Көрме Литва архившілерінің қолдауымен әзірленіп, алғаш рет халықаралық аудиторияға ұсынылды.

Жиында Литва Орталық мем­­­ле­кеттік архивінің директоры Далиус Жи­жис пен Қазақстанның Литвадағы елшісі Тимур Оразаев құттықтау сөз сөйледі. Еліміздің делегациясы архив қызметі мен халықаралық жобаларға тоқталды.

Іссапар аясында отандық мамандар Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларындағы архив мекемелерінде болды. Екі ел арасындағы әріп­тес­тікті дамыту мақсатында архив қыз­мет­кер­лерімен кәсіби кездесулер өткізіліп, фотокөрмелер мен киноқұжаттар көрсетілімдерін бір­лесіп ұйымдастыру, аудиовизуалды құжаттармен алмасу және құжаттарды цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу бағыт­тары талқыланды.

Айта кетейік, 10-11 маусым күндері архив мамандары Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды анықтау мақсатында Литва архивтерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.