АСТАНА. 22 маусым. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Комиссия отырысын ашқан Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» стипендиясының елді институционалдық реформалау үдерісіндегі айрықша рөлін атап өтіп, болашақтықтардың әлеуетін «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға барынша пайдалану қажеттігін айтты.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын таныстырды.
Комиссия мүшелері «Болашақ» бағдарламасына қатысты Split PhD іске асыру тұжырымдамасын мақұлдады. Тұжырымдама Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елдегі жоғары оқу орындарында ғылыми кадрлар даярлаудың жаңа жүйесін енгізуді көздейді.
Комиссия отырысында алдын-ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мәселесі қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын одан әрі ұйымдастыру аясында бірқатар тапсырма берді.
Талғат Райымбек.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: bnews.kz.
• 22 Маусым, 2015
Мемлекеттік хатшының төрағалығымен республикалық комиссия отырысы өтті

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше